Гонконгтағы қақтығыстар кезінде 40 шақты адам жараланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Гонконгтағы қақтығыстар кезінде 40 шақты адам жараланды

18.11.2019

Гонконгта кешеден бері демонстранттар мен полиция қақтығысып жатыр. Көз жасаурататын газ бен резеңке оқтан бас сауғалаған жүздеген манифестант Политехникалық университеттің ғимаратына жасырынған. Олар оқу мекемесінің алаңына от қойып, тәртіп сақшыларына отты шөлмек лақтырып, кірпіштермен жолдарды бөгеп жатыр. Ал, полиция жанжал, тіпті өршитін болса шынайы оқ ататынын ескертіп отыр.

Жаппай тәртіпсіздіктер кезінде кемінде 38 адам жараланып, 100 шақтысы тұтқындалды.

Гонконгте қылмысты деп танылған адамдарды Қытайға экстрадициялау туралы заңға қарсы акциялар маусымда басталды. Даулы құжат күн тәртібінен алынып тасталса да, шерулер әлі тоқтаған жоқ. Қазір жергілікті тұрғындар демократиялық құқықтарын кеңейтуді талап етіп жатыр.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу