Ливанда үкіметке қарсы шерулер қақтығысқа ұласты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ливанда үкіметке қарсы шерулер қақтығысқа ұласты

18.10.2019

Ливанда үкіметке қарсы шерулер бүкіл елге тарап, үлкен қақтығысқа ұласты. Соңғы мәліметке қарағанда, екі адам қаза тауып, ондағаны жараланған. Демонстрациялар WhatsApp тәрізді мессенджерлерге салық 20 центке өскеннен кейін басталды. Содан кейін сан мың адам көшелерге шығып, экономикалық дағдарыс кезінде төлемдердің көбеюіне, коррупцияға, елдің дұрыс басқарылмауына наразылық білдіріп жатыр. 

Шерушілер көшелерде от лаулатып, шенеуніктерді «ұрылар» деп атап, «Революция!» деп ұрандатты. Қақтығыстар кезінде қауіпсіздік күштерінің 60 шақты қызметкері жараланған. Манфифестанттар тарапынан да талай адам зардап шекті. 

Қарсылық акциялары Бейрутта ғана емес, Тир, Триполи, Баалбек қалаларында да өтіп жатыр. 

Үкімет болса, халықтың жағдайын жақсартуға тырысып жатқанын мәлімдеп отыр.

Аырстан РЫСБЕК









Хабарламаларға жазылу