Отандық медицинаны біреулер мақтаса, өзгелері «күнімді ауруханаға түсірмесін» деп азар да безер болады. Расында, біздегі дәрігерлер адамды арашалаудың орнына ағайынды ажалға айдайды деген айыптау шындыққа жанаса ма? Мысал мың, пікір пішен. 2018 жылдың өзінде отандық медицинаның қызметіне қарны ашқан қандастардың арызы бойынша 397 материал тіркеліп, 57 қылмыстық іс қозғалған. Бұл тек ресми тіркелгені, жапа шегіп желіде ашуын айтып өз-өзіне келген отандаста тіпті есеп жоқ.
Биылғы жылдың 9 айында медициналық қызмет көрсету сапасына көңілі толмағандардан 364 материал келіп түскен, 82 қылмыстық іс қозғалған. Бұл қорқынышты, өйткені дәрігер қателігінің артында адамның өмірі тұрады.
Қазақстанда 103 нөміріне бір тәулікте 2,5 мың қоңырау шалынатынын ескерсек, біз дәрігерге мұқтажбыз. Екінші жағынан, бас ауырып, балтыр сыздаса басқа барар жеріміз, басар тауымыз қалмайды.
Назым ҚАЙРАТ