Елордада Фариза Оңғарсынова көшесі ашылды

15.11.2019
Елордада Фариза Оңғарсынова көшесі ашылды

Фариза Оңғарсынованың есімі EXPO-2017 маңында «Вена орамы» тұрғын үй кешені жанындағы жаңа көшеге берілді.

Салтанатты ашылу шарасына жазушылар, қоғам қайраткерлері мен ақынның жақын туыстары қатысты.

Көшенің салтанатты ашылу лентасын ақынның ұлы Алмас Оңғарсынов пен Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен кесті.

Фото: inform.kz

Хабарламаларға жазылу