Шығысқазақстандықтар ақын Фариза Оңғарсынованы еске алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығысқазақстандықтар ақын Фариза Оңғарсынованы еске алды

01.02.2014
Шығысқазақстандықтар ақын Фариза Оңғарсынованы еске алды

Өскемен қаласының Орталық мешітінде Фариза Оңғарсынованың рухына бағышталып ас берілді. Жұма күні берілген асқа облыс басшылығы, шығыс өңірінің әдебиет пен мәдениет саласының майталмандары мен оқырмандары қатысты.

 Қазақ әдебиетінің дамуына зор үлес қосқан ақын Фариза Оңғарсынова 75 жасқа қараған шағында  өмірден өтті.

 Атырау облысында дүниеге келген ол әр қазақстандық үшін туғанындай болып кеткен тұлға. Ақынның Шығыс Қазақстандағы замандастары оны еске алып, арнау өлеңдерін оқыды.

 Ақынның «Сандуғаш», «Мелодия», «Мазасыз шақ», «Асау толқын» және тағы басқа кітаптары жарық көрген.  Бұдан бөлек, ол «Биіктік» көркемдік очерктер және «Біздің Кәмшат» деректі повесінің авторы.

Хабарламаларға жазылу