Алматыда жанармай бекеті өртенді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда жанармай бекеті өртенді

13.11.2019
0:00:00
0:00:00

Алматыда жанар-жағар май құю бекеті өртенді. Қызыл жалын 110 шаршы метр аумақты шарпыған.  Мамандардың айтуынша, бекеттің кассалық бөлмесінен тұтанған өрт осы нысанға жақын орналасқан техника жөндеу орталығына дейін жеткен. Май құю стансасында жалпы көлемі 300 тонналық 10 резервуарда сұйық отын сақталған. Оқиға орнына дер кезінде жеткен өрт сөндірушілер жойқын жарылысты болдырмады. «Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ», - дейді төтеншеліктер. 

Нұрхан НҰРЛАНҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу