Елімізде 336 жанар-жағармай құю станциясы ашық тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде 336 жанар-жағармай құю станциясы ашық тұр

08.01.2022

Елде бұған дейін жабық тұрған жанар-жағармай құю станциялары біртіндеп қайта іске қосылып жатыр. Қазір республика бойынша 336 жанармай құю бекеті жұмыс істеп тұр. Алматы қаласында 17, Алматы облысында 24 бекет ашық. «Qazaq oil» мен «Қазмұнайгаз» өкілдерінің хабарлауынша, әлеуметтік қызмет, жедел жәрдем мен жалпы халықты үздіксіз отынмен қамту үшін тиісті шара қабылданып жатыр. Салаға қатысты сұрақтарыңыз болса, экранда көрсетілген нөмірлер арқылы хабарласыңыздар. 

Хабарламаларға жазылу