Қорықшылардың жұмысы камерамен бақылануы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қорықшылардың жұмысы камерамен бақылануы мүмкін

12.11.2019

Заңсыз аң аулайтындар тыйылар емес. Осыған байланысты Алматы қаласының прокуратурасында «Браконьерлікке қарсы күрес» тақырыбында семинар-тренинг өтіп жатыр. Төрт күндік шарада тек жабайы аңдардың емес, мамандардың да қиын сәттерде өмірін сақтап қалу туралы мәселе талқыланады. Себебі кейінгі уақытта қорықшыларға қарсы шабуылдар көбейген. 

Бүгінгі жиында Алматы мемлекеттік табиғи қорығының аумағында сирек кездесетін және жоғалып кету қаупі төнген жануарлардың санын сақтауға қатысты пилоттық жобаны бастау туралы шешім қабылдады. Сонымен қатар браконьерлерді қадағалайтын, сыбайлас жемқорлыққа жол бермес үшін арнайы бақылау камераларын орнату жоспарда бар.

Бауыржан Жақсымбет 

Хабарламаларға жазылу