Ақбөкен атқан «Охотзоопром» мекемесінің қорықшылары құрықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақбөкен атқан «Охотзоопром» мекемесінің қорықшылары құрықталды

20.01.2020

Сыр өңірінде ақбөкен атқан «Охотзоопром» мекемесінің қорықшылары құрықталды. Олардың қылмысы Қармақшы ауданының территориясында қызметін атқарып жүрген жерінде әшкереленді.

Учаскелік полиция инспекторлары рейдтік шараға шығып жапан далада жүрген «Охотзоопромның» қызметтік автокөлігін тоқтатады. Құқық қорғаушылар көліктің арт жағында қан іздерін байқап, қорықшылардың қызметіне күдік туған. Бірақ көліктегі үш қызметкер тексеруге қарсылық білдіріп, бой тасалап қаша жөнелген. Алайда, алысқа ұзамай құрыққа түскен. Қызметтік көлікті тінту барысында 1 дана тегіс ұңғылы қару, пышақ және прожектор шамы мен ақбөкеннің өлі денесі табылған. Бүгінде қызметіне адалдық танытпаған қорықшыларға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Әділбек СЕРІКҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу