Батыс Қазақстан облысында браконьерлер қорықшыларға оқ атты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Батыс Қазақстан облысында браконьерлер қорықшыларға оқ атты

18.02.2022

Батыс Қазақстан облысында браконьерлар қорықшыларға оқ атты. Оқиға Қазталов ауданы Жұлдыз ауылы аумағында болған. «Охотзоопром» инспекторлары рейд кезінде қарда жүретін көліктің ізіне түскен. Олардың ескертуіне қарамастан, браконьерлер 10 рет оқ атқан. Абырой болғанда адамдар аман. Жарақат алғандар да жоқ. Көліктің алдыңғы дөңгелегі жарылып, бампері зақымдалған. Қорықшылардың табельдік қарудан ескерту оқ атқандарына қарамастан, браконьерлер Жаңақала ауданы, Новоказанка ауылына қарай ізін суытқан. Қазір оқиғаға орай қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды.

Ардақ Мұратқызы


Хабарламаларға жазылу