Елордада трактор мен автобус соқтығысып, 7 адам жарақат алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада трактор мен автобус соқтығысып, 7 адам жарақат алды

12.11.2019

Нұр-Сұлтанда трактор мен жолаушылар автобусы соқтығысып қалды. Апаттың салдарынан 7 адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілген.

Дәрігерлердің айтуынша, олардың алтауы амбулаторлық көмектен кейін үйлеріне қайтарылды. Бір адам әлі емханада. 

Оқиға таңғы сағат 9:00 кезінде Пушкин көшесі мен Абылай хан даңғылының қиылысында болған. Полиция департаментінің айтуынша, қиылыста солға бұрылған трактор қарсы бағытта келе жатқан №40 жолаушылар автобусына жол бермеген. Қазір оқиғаға қатысты мән-жай зерттеліп, кінәлілер анықталып жатыр.

Аманкелді Сейітхан  

Хабарламаларға жазылу