Елордада трактор мен жолаушылар автобусы соқтығысып қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада трактор мен жолаушылар автобусы соқтығысып қалды

12.11.2019
Елордада трактор мен жолаушылар автобусы соқтығысып қалды

Бүгін Нұр-Сұтанда трактор мен жолаушылар автобусы соқтығысып қалды. Бұл туралы елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Оқиға сағат 09:10 шамасында болды. Пушкин көшесімен тіке кетіп бара жатқан №40 жолаушылар автобусына трактор жүргізушісі жол бермеген, ол Пушкин көшесіне солға бұрылмақ болған. Салдарынан жол апаты орын алды. Автобуста жолаушылар болған. Қазір тексеру жүріп жатыр», - делінген хабарламада.


Хабарламаларға жазылу