Қарағандыда жол апатынан бірнеше адам зардап шекті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандыда жол апатынан бірнеше адам зардап шекті

30.09.2021

Қарағанды облысында автобус пен трактор соқтығысып, бірнеше адам зардап шекті. Жол апаты кеше кешкілік Саран қаласына баратын тас жолда болған. Соқтығысқан кезде 50 жолаушысы бар қоғамдық көлік жыраға түсіп кеткен. Ал трактор бір бүйірге аударылып қалған. Жарақат алған 5 адам ауруханаға жеткізілді. Қазір жағдайлары қалыпты. Ал жеңіл жарақат алғандарға амбулаторлық көмек көрсетілген соң үйлеріне қайтарылды.

Бақытжан Құдияров, Облыстық полиция департаментінің ресми өкілі:

Қоғамдық көліктің жүргізушісі Саран қаласына қарай бағыт алып бара жатып, 22 жастағы азаматтың басқаруындағы тракторды басып озбақшы болады. Сол кезде соқтығысқан. Қазақстан республикасы қылмыстық кодексінің 345 бабы 1-ші тармағына сәйкес қылмыстық іс тіркелді. Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде.


Хабарламаларға жазылу