Үндістанда жолаушылар автобусының апатынан 17 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үндістанда жолаушылар автобусының апатынан 17 адам қаза тапты

06.06.2016
Үндістанда жолаушылар автобусының апатынан 17 адам қаза тапты

Үндістанда автобустың құзға құлауы салдарынан 17 адам қаза тауып, кем дегенде 35 адам зардап шекті.

Мумбаи-Пуна көлік магистралімен қозғалып келе жатқан жолаушылар автобусы екі жеңіл автомобильмен соқтығысып, одан кейін құзға құлаған.

Қайғылы оқиға орнында құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп жазады ТАСС.

 

Хабарламаларға жазылу