Президент Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бірнеше мүшесімен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бірнеше мүшесімен кездесті

10.11.2019

Мемлекет Басшысы Қ.Тоқаев аптада Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бірнеше мүшесімен кездесті.

Мысалы, «Қазақстан барысы» даму қоры Қамқоршылар кеңесінің төрағасы Арман Шораев Президентке ішкі және сыртқы туризм саласындағы кейбір қордаланған проблемаларды шешу жолдарын, қазақ күресін халықаралық аренада ұлттық бренд ретінде қалыптастыру жайындағы көзқарасын жеткізді, деген «Ақ Орда» сайтында. А.Шораевтың өзі фейсбуктегі парағында жазба қалдырды. Үзінді:  

Не айтайын?

Қол алысуы мығым!

... Мен күш-қайраты мол адамды көрдім. Ақыл, юмор, ал ең бастысы – саяси ерік-жігердің адамы. Президент реформалар мен өзгерістерді қалайды, солай істеуге ынтасы бар.

Саяси партияларды тіркеуде қажетті сандық меже айтарлықтай азаяды. 130,174 баптар қылмыстық сипатынан айырылуы мүмкін. Ал бұл БАҚ қызметін жеңілдетуге әжептәуір септеседі.

...Мен үшін принцпті бір мәселе – Абылайханға мемориалды кешен тұрғызу идеясын қолдады.

Сонымен бірге біз Арман Шораевтан комментарий сұрадық:

Саясаттанушы Айдос Сарыммен кездесуде Қазақстандағы гуманитарлық ғылымның даму перспективалары, еліміздің қоғамдық-саяси өміріне оның әсері, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жүзеге асырылуы мен идеологиялық саясаты сияқты мәселелер қозғалған.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алғашқы отырысынан кейін Кеңес мүшелері тарапынан айтылған ұсыныстар Президент Әкімшілігі мен Үкіметте өткен жиындарда талқыланып, пысықтау жұмыстары жүргізілгенін атап өтті, деп жалғастырады «Ақ Орда» сайты.

«Нақты нәтижелерге қол жеткіздік. Жуық арада кейбір заңнамаларға енгізілетін өзгерістерді пысықтау керек. Содан кейін Ұлттық кеңестің екінші отырысы шақырылады», – деген Президент.


Хабарламаларға жазылу