Бүгін Жазушылар одағының жаңа төрағасы сайланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Жазушылар одағының жаңа төрағасы сайланды

12.05.2023

Бүгін Жазушылар одағының жаңа төрағасы сайланды. Енді қаламгерлерге жазушы, журналист Мереке Құлкенов жетекшілік етпек.

Алматыда Қазақстан жазушыларының XVI құрылтайы өтті. Оған 500-ден астам ақын, жазушы келді. Олар жабық дауыс беру арқылы жаңа басшыны таңдады. 5 жылда бір өтетін жиында облыстардағы одақтың басқарма мүшелері де бекітілді. Олардың саны 106. Еске саламыз осы кезге дейін одаққа жетекшілік еткен ақын Ұлықбек Есдәулет Түркі дүниесі жазушылар одағының төрағасы болып сайлануына байланысты қызметінен кеткен еді.

Нұрсұлтан Тілектес 

Хабарламаларға жазылу