Алматыда Шәмші Қалдаяқовқа арналған ескерткіш ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда Шәмші Қалдаяқовқа арналған ескерткіш ашылды

07.11.2019

Алматыда Қазақстанның халық әртісі, композитор Шәмші Қалдаяқовқа арналған ескерткіш ашылды.

«Қазақ вальсінің королі» атанған сазгердің қоладан жасалған мүсіні Республика сарайының маңындағы саябаққа орнатылды. Салтанатты ашылу рәсіміне қала әкімі мен зиялы қауым өкілдері және композитордың туысқандары, тұрғындар қатысып, естеліктер айтты. Ал ескерткіштің биіктігі - 1,5 метр, ұзындығы - 2,8 метр. Оның тұғырына гранит тас қойылған.

 Роза Рымбаева, әнші, Қазақстанның халық артисі:

Ағамыздың әндері халық әндері болып кеткен. Халық ағамызды сол әндері үшін ешқашан ұмытпайды деп ойлаймын. Және де біздің мақсатымыздың, әншілердің, сол әндерді жоғары деңгейде орындап, халыққа жеткізу, ұрпаққа жеткізу, насихаттау. Ағамыз халық композиторы, енді оған ешқандай күмән жоқ. Себебі Шәмшіні білмейтін қазақ жоқ. Шәмшінің әнін сүймейтін қазақ жоқ.

Нұрхан НҰРЛАНҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу