Алматыда Шәмші Қалдаяқовтың ескерткіші ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда Шәмші Қалдаяқовтың ескерткіші ашылды

07.11.2019

Алматыда Қазақстанның Халық әртісі, композитор Шәмші Қалдаяқовқа арналған ескерткіш ашылды. 

Қазақ вальсінің королі атанған сазгердің қоладан жасалған мүсіні Республика сарайының маңындағы саябаққа орнатылды. Салтанатты ашылу рәсіміне қала әкімі мен зиялы қауым өкілдері және композитордың туысқандары, тұрғындар қатысып, естеліктер айтты. Ал ескерткіштің биіктігі - 1,5 метр, ұзындығы - 2,8 метр. Оның тұғырына гранит тас қойылған.

Роза Рымбаева, әнші, Қазақстанның халық әртісі:

Ағамыздың әндері халық әндері болып кеткен. Халық ағамызды сол әндері үшін ешқашан ұмытпайды деп ойлаймын.

Нұрхан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу