Ш.Қалдаяқовқа "Қазақстанның еңбек ері" атағы берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ш.Қалдаяқовқа "Қазақстанның еңбек ері" атағы берілді

15.06.2022

Қазақ вальсінің королі атанған композитор Шәмші Қалдаяқовқа Қазақстанның Еңбек Ері атағы берілді. Мемлекет басшысы бүгін арнайы жарлыққа қол қойды. Қазақ халқының музыка өнерін дамытудағы айрықша еңбегі үшін композитор Шәмші Қалдаяқовқа жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі, Қазақстанның Еңбек Ері атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылсын делінген қаулыда.

Саламат Омаш


Хабарламаларға жазылу