Димаш Құдайбергенов Астанадағы «Балалар ауылына» барды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Димаш Құдайбергенов Астанадағы «Балалар ауылына» барды

23.06.2017

Жарық жұлдыз балалармен бірге асыр салып ойнап, ән шырқап, бүлдіршіндердің көңілінен шықты. Мұнда тәрбиеленіп жатқан ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды алдағы күндері өтетін жеке концертіне шақырды. «SOS» деп аталатын қайырымдылық қоры бала асырап алушы ата-аналар мектебін қалыптастырып, қамқорлықсыз қалған балаларды бақытты өмірге баулуға атсалысып келеді. «Димаштың мұнда келуін балалар асыға күтті», - дейді тәрбиешілер.

 

Сәбит ӘЛДЕБАЙ

Хабарламаларға жазылу