Венгрияда автомобиль үйге соғылып, 7 мигрант қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Венгрияда автомобиль үйге соғылып, 7 мигрант қаза тапты

14.12.2021

Венгрияда мигранттар мінген автокөлік тұрғын үйге соғылды. 7 адам қаза тауып, тағы төрт тұрғын жараланған. Оқиға Сербия шекарасы маңындағы Морахалом деген ауылда болды. Жүргізуші көліктерді тексеріп тұрған полицейді көріп, жылдамдықты арттырып, қашпақ болады. Бірақ, көп кешікпей оның машинасы үйге соғылып аударылып қалған. Тәртіп сақшыларының мәлімдеуінше, жараланған жүргізуші тұтқындалды. Оған адам саудасымен айналысты, жол апатында бірнеше адамның өліміне себеп болды деген айып тағылуы мүмкін.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу