Елбасы Түркістандағы бірқатар нысанды аралады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы Түркістандағы бірқатар нысанды аралады

05.11.2019

Тарихтың терең қатпарында қалып қойған Түркістан дамудың жаңа дәуіріне аяқ басты. Шежірелі шаһарда неке сарайы, Халыққа қызмет көрсету орталығы, музыкалық мектеп, медиа орталық, әкімдік ғимараттары жаңадан бой көтерді. Бүгін Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев қалада құрылысы аяқталған бірқатар нысанды аралады. 

Жалпы, Түркістанды дамытудың алғашқы кезеңінде 175 нысан салынуы тиіс. Оның 70 пайызы биыл іске қосылады. Түркі әлемінің рухани-мәдени орталығына айналдыру ісіне еліміздің барлық өңірлері мен ұлттық компаниялар және бизнес өкілдеруі үлес қосуда. Бұдан бөлек, заманауи әуежай салынып жатыр. Автокөлік жолдары мен теміржол дәлізіне ден қойылған. Өңірдегі күрделі проблема - су мәселесі де түбегейлі шешімін таппақ.


Хабарламаларға жазылу