Қарағандыда әскери-патриоттық форум өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандыда әскери-патриоттық форум өтті

05.11.2019

Қарағандыда қазақтың батыр ұлдары Нүркен Әбдіров пен Қазыбек Нұржановтың 100 жылдығына арналған әскери-патриоттық форум өтті. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған шараның мақсаты – жастардың бойында патриоттық қасиеттерді қалыптастыру. Қос батырдың ерлігі, өнегелі өмірі - жастарға бағыт-бағдар берер темірқазық. 

Форумға қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров және Нүркен Әбдіров пен Қазыбек Нұржановтың ұрпақтары, әскери қызметкерлер және студенттер мне оқушылар қатысты. Патриоттық шара аясында «Тоқырауын толқыны» ансамблі, Қали Байжанов атындағы өнер ұжымы концерт қойды.

Тоқтар Әубәкіров, тұңғыш қазақ ғарышкері, ҚР Халық қаһарманы:

Патриоттық сезім өзімен-өзі тумайды. Ол сезімді ояту керек. Ол сезім біздің ішімізде. Екі азаматтың 100 жылдығын біз өткізіп жатырмыз. Екеуі де біз үшін, біздің бақытымыз үшін өздерінің жанын аямады.

Руслан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу