Қазақстан халқының 16 пайызы белсіздік пен бедеулік ауруларына шалдыққан. Алматыда өткен урологтардың I Орталық-Азиялық конгресіне жиналған ғалымдар осылай деп дабыл қақты.
Олардың сөзінше, қазір тіпті, дамыған елдерде несеп-жыныс жүйесі аурулары көбейген. Әлемде осы дерттердің салдарынан жыл сайын адамдардың 3 пайызы көз жұмады. Сонымен қатар, кеселдің кесірінен азаматтардың еңбек қабілеті төмендейді. Экономикалық тұрғыдан, бұл жағдай елге кері әсерін тигізіп отыр. «Сондықтан өмірге дені сау ұрпақ әкелу, адамдардың ұзақ өмір сүру мәселелерін шешуге күш жұмсау қажет», - дейді дәрігерлер.
Марат Мақажанов, Б.Жарбосынов атындағы урология ғылыми орталығының бөлім бастығы:
Қазақстанда бедеулік 16 пайыздай. Халқымыз өспеуі мүмкін, жастар көбеймеуі мүмкін.
Аманкелді Сейітхан