Атырау облысында жемқорлық өршіп барады

31.10.2019

Атырау облысында жемқорлық өршіп барады. Бүгін «Nur Otan» партиясы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысында аймақ басшысы осы індетпен қалай күресіп жатқанын баяндады.

Нұрлан Ноғаевтың айтуынша, облыста партияның 2015-2025 жылдарға арналған «Жемқорлықпен күрес» бағдарламасы жан-жақты іске асырылып жатыр. «Дегенмен бармақ басты, көз қысты әркеттер азаймай тұр»,- дейді әкім. Тіпті, соңғы жылдары жемқорлық дерегінің өскені байқалады. Сөйтіп үш жылда пара беріп, немесе алғаны үшін 400-ге жуық адам істі болған. Жауапқа тартылғандардың басым бөлігі білім, денсаулық сақтау және ауылшаруашылығы салаларында қызмет еткен. Енді Ноғаев цифрлық жүйені одан сайын дамытып, жемқорлықты түп-тамырымен жоймақ ойда.

Нұрлан Ноғаев, Атырау облысының әкімі:

Сыбайлас жемқорлықпен күрес және оның алдын алудың бірден-бір жолы – мемлекеттік қызмет көрсететін жауапты орындаушы мен азаматтардың жеке кездесуін яғни, адами факторды болдырмау. Сондықтан әр саладағы сыбайлас жемқорлық фактілерін болдырмау және алдын алудың бірден-бір тетігі «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасының сәтті әске асырылуы деп есептейміз.

Досжан МАРАТҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу