Атырау облысында індет өршіп барады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырау облысында індет өршіп барады

12.01.2022

Атырау облысы «қызыл» аймаққа өтті. Айналасы екі күннің ішінде 236 тұрғын коронавируске шалдығып, науқастар саны күрт артты. Бүгін 136 адамнан індет анықталды. 111-і қаладан тіркелді. Теңізден 29 жұмысшы Covid-ке шалдықты.Қазір 190 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада - 142, Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда - 126 науқас емделіп жатыр. 8 пациенттің жағдайы ауыр. Соңғы ақпарат бойынша облыс тұрғындарының 11 мыңы қайта вакцинациялаудан өткен.

Жандос Темірғали

Хабарламаларға жазылу