Денсаулық сақтау саласында жемқорлық өршіп барады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Денсаулық сақтау саласында жемқорлық өршіп барады

19.06.2014
Денсаулық сақтау саласында жемқорлық өршіп барады
Денсаулық сақтау саласында жемқорлық өршіп барады. Өткен жылдың өзінде арғы жылмен салыстырғанда, екі есеге өскен.
 
Қылмыстың дені бас дәрігерлердің қолымен жасалуда. Осылайша, сеніп тізгін ұстатқандар ардан ақшаны биік қойып тұр.
 
Бұл туралы бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысында айтылды.
 
Былтыр Қаржы полициясы қазынаға 35 миллион теңге шығын келтірген 10 қылмысты анықтады.
 
Биылдың өзінде 9 адам парамен ұсталып, оларға қатысты 15 қылмыстық іс қозғалды.
 
«Жеудің» жолын жақсы меңгерген қазына қарақшылары көбіне мемлекет мүлкін ұрлауды әдетке айналдырған.
 
Жемқорлық қылмыстардың тең жарымын облыстық және аудандық деңгейдегі қызметкерлер жасайды екен. Асқынған аурудан айығу үшін енді не істеу керек?
 
Жанат Жарасов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Біріншіден, Денсаулық сақтау министрлігі жергілікті атқару органдарымен бірге жемқорлыққа қарсы шаралар қолдануы керек. Әсіресе, профилактикалық жұмыстарды жүргізіп, лауазымды адамдардың жауапкершілігін көтеру керек. Сондай-ақ, заңға да өзгерістер енгізу керек, деп ойлаймын.
 
Досымжан ЕРМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу