Премьер-Министр Асқар Мамин ТМД елдеріне үш жылға арналған инвестициялық стратегия әзірлеуді ұсынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Премьер-Министр Асқар Мамин ТМД елдеріне үш жылға арналған инвестициялық стратегия әзірлеуді ұсынды

25.10.2019

Премьер-Министр Асқар Мамин ТМД елдеріне үш жылға арналған инвестициялық стратегия әзірлеуді ұсынды. Мәскеуде Тәуелсіз мемлекеттер достастығы үкіметтері басшыларының отырысына қатысқан ол: «Сауда кооперацияларын күшейтіп, инвестиция игілігін көру үшін жаңа нүктелер іздеу керек»,- деді. Мемлекеттер арасындағы экономикалық байланысты арттыруда Астана халықаралық қаржы орталығының әлеуеті зор. Асқар Мамин: «ТМД елдері қызмет көрсететін еркін сауда туралы жобаны тезірек мақұлдаудың маңызы зор»,- деді. Сонымен қатар 2025 жылға дейін ТМД-ға ортақ өндірістік кооперация бағдарламасын жүзеге асыру бастамасын көтерді. Жалпы отырыс нәтижесі бойынша бірқатар құжаттарға қол қойылды. Олар— ортақ цифрландыру бойынша концепция және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету стратегиясы. Ұйымға төрағалық Түркіменстаннан Өзбекстанға көшті. Келесі отырыс 2020 жылы, мамырда Ташкентте өтеді.

Индира БЕГАЙДАР


Хабарламаларға жазылу