Балпық бидің өмірі жайлы қойылым сахналанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Балпық бидің өмірі жайлы қойылым сахналанды

18.10.2019

Талдықорғандағы Бикен Римова атындағы драма театрда XVIII ғасырда өмір сүрген Балпық бидің ғұмырын суреттейтін қойылымның премьерасы өтті. Тарихи драма жоңғар шапқыншылығы және одан кейінгі кезеңді қамтиды. Балпық бидің өз жұртын аман алып қалу үшін жасаған саяси қадамдары және ел арасындағы дауды шешудегі парасаттылығы спектакльде кеңінен суреттелген. 

«Қойылым режиссерлері Базарбек Тоқымтаев пен Назым Өтеулинова оқиғаны шынайы көрсетуге тырысқан», - дейді көрермендер. Ал тарихи оқиғаларды қағазға түсірген драматург Әскерхан Ақтай Балпық бидің өмір жолын жазу үшін көп еңбектенгенін айтады. 

Әскерхан Ақтай, драматург:

Балпық би - бұл өте күрделі тұлға. Зерттеуді қажет ететін тұлға. Ғылыми еңбектер жазу керек. Әлід е әдеби шығармалар жазу керек. Бұл кісінің шешендік сөздері кәдімгідей мақалға айналып кеткен халықтың аузында. Өте шешен, көреген адам болған.   

Қуаныш Қанатұлы

Хабарламаларға жазылу