Бүгін – Әбдіжәміл Нұрпейісовтің туған күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін – Әбдіжәміл Нұрпейісовтің туған күні

22.10.2014
Бүгін – Әбдіжәміл Нұрпейісовтің туған күні

Әбдіжәміл Нұрпейісов осыдан 90 жыл бұрын  Қызылорда облысы, Арал ауданы, Үшкөң ауылында дүниеге келді. Жазушының әдебиет, мәдениет саласындағы ерен еңбегі елдің, мемлекеттің жоғары бағасына ие болды.

Ол КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Бұл мәртебелі сыйлықты қазақ жазушыларынан Мұхтар Әуезов, Жұбан Молдағалиев және Әбдіжәміл Нұрпейісов қана алған.

Кітаптары шет тілдерге көптеп аударылатын жазушының былтыр ғана «Қан мен тер», «Соңғы парыз» туындылары ағылшын тіліне тәржімаланды. Өйткені, жазушының туындылары елдің әлеуметтік тағдыры турасында сыр шертеді. Уақыт өзгергенімен, заманалық өзектілігі өзгермейтін шығармалар.

«Қан мен тердегі» Судырахмет, Ақбала, Еламан, Тәңірберген бізге жақсырақ таныс. Сондықтан да, ол кейіпкерлер қазақ әдебиеті тұрған кезде өмір сүре береді. Ұлы суреткердің қаламынан шыққан романдардың  құдыреті осындай»,-дейді жазушы Смағұл Елубай.

Сондай-ақ, Әбдіжәміл Нұрпейісов II Дүниежүзілік соғыстың ардагері. Оңтүстік және Прибалтика майданында Луганск түбінде минамет ротасында саяси қызметкер болса, кейін штабист ретінде Балтық маңында Курляндия шайқастарына қатысты.

Жазушы Дулат Исабеков: «Көбіміз жазушы болсақ, Әбекең – суреткер. Осы алғашқы романы «Курляндия» әдебиетке мұзжарғыш кеме ретінде жарық келді», дейді.

Әбдіжәміл Нұрпейісов сұрапыл соғысты, Кеңес одағы кезінде жүргізілген саясатты басынан өткерді. Сонымен қатар, Қазақ елінің егемендігінің куәгері болған бақытты жазушы.

Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу