Бүгін - Әбдіжәміл Нұрпейісовтің туған күні (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін - Әбдіжәміл Нұрпейісовтің туған күні (ВИДЕО)

22.10.2015
Бүгін - Әбдіжәміл Нұрпейісовтің туған күні (ВИДЕО)

Әбдіжәміл Нұрпейісов өзінің әдебиетке деген алғашқы қадамын зұлмат соғыс жылдарында көтерілген хикаяларды жазудан бастады. 4-5 жыл бас көтермей жасалған еңбектің арқасында «Курляндия» атты роман дүниеге келді.

Бүгін – қарымды қаламгер, қазақ әдебиетінің айбынын асқақтатқан жазушының туған күні.  «Қан мен тер» трилогиясы, «Соңғы парыз» дилогиясы - Әбдіжәміл Нұрпейісовтің ғана емес күллі қазақ әдебиетінің жеңісі. 

XX ғасырдағы қазақ әдебиетінің  дамуына зор үлес қосқан жазушы 1974 жылы КСРО мемлекеттік сыйлығына ие болды. «Қан мен тер» трилогиясы үшін Әбдіжәміл Нұрпейісов ең үлкен атақпен марапатталды.

Әлемнің 35 тіліне аударылған  «Қан мен тердің» 1-ші кітабы «Ымырт» деген атаумен 1961 жылы жарыққа шықты. Кейін «Сергелдең», «Күйреу» деген үш кітап бірігіп, трилогияға айналды.

Әбдіжәміл Нұрпейісовтің өнегелі өмірі мен шығармашылығы туралы толығырақ «Таңшолпаннан» біле аласыздар. 

Хабарламаларға жазылу