Мемлекет басшысы Әбдіжәміл Нұрпейісовке «Алтын жұлдыз» белгісін табыстады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Әбдіжәміл Нұрпейісовке «Алтын жұлдыз» белгісін табыстады

30.10.2019

«Қазақстанның Еңбек Ері» атағының «Алтын жұлдыз» айрықша ерекшелік белгісі. Бүгін Мемлекет басшысы қазақ әдебиетінде өз орны бар  жазушы Әбдіжәміл Нұрпейісовті қабылдап, осындай алқаны кеудесіне тақты. Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекті қаламгердің ұлттық әдебиетіміздің әлемдік деңгейге көтерілуіне елеулі үлес қосқанын және қазақ әдебиетінің абызын 95 жылдық мерейтойы қарсаңында еліміздегі жоғары наградамен марапаттағанын атап өтті. 

«Сіз сияқты әдебиеттің алыптары халыққа керек»,-деді Президент. Ал Әбдіжәміл Нұрпейісов Мемлекет басшысына ағынан жарыла алғысын айтып, әдемі естеліктерді еске түсірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Сіз халқымызға керексіз. Аман болыңыз! Ұлттық әдебиетке Сіздің қосқан үлесіңіз шын мәнінде өлшеусіз. Аман болыңыз әрқашан!

Әбдіжәміл Нұрпейісов, Халық жазушысы:

Рақмет! Мен есіме жиі алатын нәрсе, өзіңмен қашан, қайда кездесіп едім алғаш рет, соны есіме түсірдім. Ұмытпаған екенмін. 1992 жылы. Баспахана өзімнің екінші үйім сияқты. Күтіп алады, шығарып салады.

Хабарламаларға жазылу