Алматы облысында қант қызылшасы өндірісінің көлемі артып келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында қант қызылшасы өндірісінің көлемі артып келеді

27.01.2016
Алматы облысында қант қызылшасы өндірісінің көлемі артып келеді

Оның деректері бойынша қант қызылшасы өндірісінің көлемі 4 есе, жүзімдікі 12,6 пайызға, жеміс-жидек дақылдары – 5,5 пайызға, картоп – 3,5 пайызға, май дақылдары - 1,9 пайызға, көкөніс 1,7 пайызға артқан.

Өнеркәсіпте 553,6 млрд. теңгеге өндіріліп, нақты көлем индексі 104,8 пайызды құрап, өңдеу өнеркәсібінде 455,2 млрд.теңгенің өнімі өндірілген. Сондай-ақ ,жаңа 54 өнеркәсіп объектісі қолданысқа беріліп, 17 әрекет етуші өндірістер кеңейтіліп, қосымша 1975 жұмыс орны құрылған.

«Индустрияландыру картасының аясында 5 жоба жүзеге асырылып, 459 жұмыс орны құрылды. Шағын және орта бизнестің әрекет етуші субъектілерінің саны 2014 жылға қарағанда 1,6 пайызға өсіп, 157,8 мың бірлікті құрады»,-деді облыс әкімінің орынбасары.

Хабарламаларға жазылу