ҚР ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаровпен сұхбат - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҚР ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаровпен сұхбат

20.10.2019

Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаровпен сұхбаттастық. «Бірден айтайық, құрғақшылыққа қарамай, ішкі нарықты толық қамтамасыз ететін астық жиналды, әлеуметтік нан бағасын көтермейтін жағдай бар»,- деді. Демек нан бағасы тапшылыққа байланысты өскен жоқ.

Одан кейін. Не айтатыны бар, салаға қатысты сауал өте көп. Мысалы, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Петропавлда ауылды және агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселелері жөнінде қыркүйектің екінші жартысында кеңес өткізген, агроөнеркәсіп кешеніндегі еңбек өнімділігі айтарлықтай аз және өнімді өңдеу деңгейі төмен екенін тағы айтты.

Жолдауында да: Ауыл шаруашылығы – біздің негізгі ресурсымыз, бірақ оның әлеуеті толық пайдаланылмай отыр. Ел ішінде ғана емес, шетелде де сұранысқа ие органикалық және экологиялық таза өнім өндіру үшін зор мүмкіндіктер бар. Бірақ... Мысалы, ет өндірісін ұлғайту мәселесі аналық мал басының проблемасына тіреліп тұрған жоқ, керісінше фермерлерге жем-шөп дайындайтын жерлердің жетіспеушілігіне байланысты болып отыр. Жем-шөппен қамтамасыз ету көрсеткіші 60 пайыздан төмен, дей келе ауылдағы тіршілікті жөндеудің маңызды фактор екеніне тоқталған: Ауыл тұрмысының сапалы болуын қамтамасыз етпей, ауыл шаруашылығының өнімділігін арттыру мүмкін емес, - деген.

Шикізатқа тәуелділіктен құтқаратын ауыл шаруашылығы болып көрінеді. Бірақ «таңғалдыратыны», мұны бәрі біледі, мойындайды, миллиардтаған қаржы бөлінеді. Алайда ішкі жалпы өнімдегі үлесі 5-ақ процент! Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы техникасы әбден тозған. Оны жаңарту жылына 10-12 процентті құрауы тиіс, ал бізде министрдің айтуынша 6 процентке жетеді. Астық жинайтын комбайндардың жартысы, трактордың 70 проценті, сепкіштердің 80 проценті бейнелеп айтқанда, «шаршап қалған» - шаруалардың «әкетай, бұзыла көрме» деп сөйлеп жүргені.

Көп ауылдағы сапасыз су, шоқалақ жол, қаңыраған клуб, тартпайтын интернет туралы несіне қосамыз деп ойладық. 


Хабарламаларға жазылу