Мемлекет 300-ге жуық фермердің несиелерін жабуға көмектеспек

03.11.2014
Мемлекет 300-ге жуық фермердің несиелерін жабуға көмектеспек

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі 292 қазақстандық ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің несиелер бойынша берешегін жабуға көмектеседі.

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Ауыл шаруашылығы вице-министрі Сапархан Омаров мәлім етті.

Бүгінге дейін жалпы берешек сомасы 312,9 миллиард теңгелік 292 АӨК субъектілерінің өтінімдері мақұлданды, оның ішінде 126 АӨК субъектілерінің жалпы 245,3 миллиард теңгені құрайтын берешек сомасы «ҚазАгро» холдингтің қорландыру қаражаты арқылы сауықтырылатын болады. Бұған қоса, бағдарламаға 17 қаржы институты қатысады.  

Сауықтыруға негізінен астық егуші аймақтардың АӨК субъектілері қатысуда.  Сауықтыруға жататын берешектердің негізгі үлесі өсімдік шаруашылығы саласына тиесілі - 86,4 пайыз, мал шаруашылығы саласына  - 2,8, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеушілерге  5 пайыз тиесілі, басқа қызмет түрлері бойынша 5,6  пайызы қамтылды.

Хабарламаларға жазылу