Елімізде нан бағасы қымбаттады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде нан бағасы қымбаттады

20.10.2019

Сонымен әлеуметтік нан деп атайтын нан бағасы өсті. Солай болатыны биылғы құрғақшылықтан кейін-ақ түсінікті еді. Профильді министрлік «әлеуметтік нан» бағасы өспейді дегенімен, солай болды. Әуелі Павлодардан, сосын Ақтөбеден, сосын Тараздан сондай хабар жетті. Біз бірнеше аймақтан ақпар алдық. Кесте мынадай:

Павлодарда 90 теңгеден сатылған бөлке 110 теңгеге жетті. Ал Ақтөбеде 7 теңгеге дейін көтерген. Қарағандыда 75 теңгеден саудаланып жатыр. Таразда 10 теңгеге қымбаттады. Бұған бірінші сұрыпты ұн бағасының көтерілуі түрткі. Ал Түркістан, Батыс Қазақстан облыстарында баға әзірге тұрақты көрінеді.


Хабарламаларға жазылу