Каталондықтар ірі маршқа шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Каталондықтар ірі маршқа шықты

18.10.2019

Испанияда жүздеген мың каталондық Барселонаға бет алып, ірі маршқа шықты. Олар тәуелсіздік үшін күрескен каталониялық 9 лидердің түрмеден босатылуын талап етіп жатыр. Автономияның жалауын көтерген демонстранттар ірі тас жолдардың бірін бөгеді. Соның салдарынан, көлік қозғалысы баяулап, пойыздар мен метро жұмысының уақыты өзгертілген. 

Мұндай марш тағы бес қалада жоспарланып отыр. Олардың барлығы Барселонада бас қосып, ертең ірі наразылық акциясына қатыспақ. 

Айта кетсек, Испанияда Каталонияның дербестігін талап еткен демонстранттар үшінші күн шерулетіп жатыр. Олар оңшылдармен, полициямен қақтығысып, көшелерге от қойып, көліктер мен қоқыс жәшіктерін өртеп жіберді. Ал Каталонияның үкімет басшысы Ким Торра бұл тәртіпсіздіктерді тоқтату үшін тәуелсіздік жөнінде тағы да референдум өткізу керек деп отыр.

Жансая Қапасқызы

Хабарламаларға жазылу