Минскте Ресеймен интеграцияға қарсы шеру өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Минскте Ресеймен интеграцияға қарсы шеру өтті

09.12.2019

Оған мың шақты адам қатысқан. Үкімет бұл акцияға рұқсат етпеген. Дегенмен, жергілікті полицейлер қаланың орталық көшелерінде ұйымдастырылған маршқа кедергі жасамады. 

Манифестация президент Александр Лукашенко Сочиде ресейлік әріптесі Владимир Путинмен кездесіп жатқанда басталды. Демонстранттардың айтуынша, Беларусь өз тәуелсіздігін сақтап қалу үшін Мәскеумен интеграциялық байланысты тоқтатуы керек. Алайда, Кремль басшысы Ресей мен Беларусьті қосу жоспары жоқ екенін мәлімдеп отыр.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу