Астанада Маңғыстау облысының мәдени күндері өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада Маңғыстау облысының мәдени күндері өтіп жатыр

08.11.2023

Астанада Маңғыстау облысының мәдени күндері өтіп жатыр. Батыс өңірінен келген делегаттар бірқатар көрме-жәрмеңке ұйымдастырды. Бірі – аймақтың туристік әлеуетін ілгерілетуге бағытталған «Марс пейзаждары» фотокөрмесі. Онда облыстың белгілі фотосуретшілерінің көктем-жаз айларында түсірген туындылары ұсынылған.

Жалпы, маңғаз Маңғыстаудың сұлулығы мен құпиясын тану үшін 180 мыңға жуық турист келіп, туристердің келу көрсеткіші 138,6 пайызға өскен. Бұдан бөлек, Маңғыстау бизнес өкілдерінің де жәрмеңкесі өтті. 25 кәсіпкер түйе сүтінен әзірленген шұбат, балқаймақ, құрт, ірімшік, балық өнімдерін, ұлттық киімдер мен әшекейлер, ағаштан жасалған бұйымдарын ала келген. Сондай-ақ, аймақ өнерпаздары қала тұрғындары мен қонақтарына қазақтың бірқатар ұлттық дәстүрлерін көрсетті.

Пания Сармурзина, Маңғыстау облыстық Мәслихат депутаты:

Бұл мәдени күндерді өткізудің мақсаты - Маңғыстау облысының 60 жылдығы. Жаңа қаламыз Ақтау қаласының 50 жылдығы және Алаштың төрі Астана қаласына 25 жылдық мерейтойлары аясында өткізіліп жатыр. Ертең тағы да екі шара өтеді. Оның біреуі - қойылым, екіншісі жас, жазба ақындардың мүшәйрасы. 

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу