Қостанайдан Ресейдің Челябі облысына бара жатқан автобус аударылды
Ресейдің Челябі облысында болған жол апатынан 12 қазақстандық ауруханаға жеткізілді. Олардың екеуі жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер тағы алты жолаушының жағдайы орташа ауыр дейді. Белгілі болғандай, Қостанайдан Екатеринбург қаласына шыққан жұмысшылар автобусы Кіші Құяш ауылының маңында аударылып қалған.
Жолаушылар көлігінде 24 адам болған. Оның жартысы жеңіл жарақатпен үйлеріне қайтарылған. Оқиға орнына 8 жедел жәрдем бригадасы келіп, зардап шеккендерді Челябы облысының Қыштыма елді мекеніндегі ауруханаға жеткізген. Қазір олар дәрігерлердің бақылауында.
Сәбит Әлдебай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы Жол-көлік апатынан 5 жаяу жүргінші зардап шекті
09.06.2026, 20:12
Филиппинде зілзаладан кейін 10 мыңдай отбасы үйлерін тастап кетті
09.06.2026, 20:11
Шетелден келетін туристер саны 4 миллионға жетуі мүмкін
09.06.2026, 20:09
Сарапшы: Шекті соманың өсуі – болашақ зейнетақының кепілі
09.06.2026, 20:08
Есірткі жарнамасына қарсы күрес күшейді
09.06.2026, 20:07
Telegram-да алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды
09.06.2026, 20:06