Елордада «Орталық Азия - Оңтүстік Корея» форумы өтті

16.10.2019

«Орталық Азияда ядролық қарудан азат аймақтың құрылуы Корей түбегіне үлгі бола алады». Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді «Орталық Азия - Оңтүстік Корея» XII форумында осылай деді. 

Қазір әлемде ядролық қаруға иелік ету үстемдіктің көрсеткіші болып саналмайды. Қайта жаһандық қауіпсіздікке қатер төндіріп, халықаралық қоғамдастық пен ынтымақтастыққа кедергі келтіреді. Сондықтан министр Қазақстан үшін ядролық қарудан азат бейбітшілікке қол жеткізу негізгі басымдық екендігін айтты. 

Басқосуда сондай-ақ елдер арасындағы техникалық стандарттау, су ресурстарын басқару, ІТ саласында бірлескен жобалаларды жүзеге асыру және жасыл экономика саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Қазақстан Үкіметі оңтүстіккореялық инвесторлар үшін жайлы жағдай жасау саясатын жалғастырады. 

Мұхтар Тілеуберді, ҚР Сыртқы істер министрі:

Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өңір елдерімен бауырластық қарым-қатынасты нығайтуға айрықша назар аударады. Мемлекеттер көшбасшыларының тұрақты кездесуі жақсы дәстүрге айналған. Біздің өңірде Samsung, Hyundai, KIA сынды кореялық ірі компаниялар бар. Төртінші өнеркәсіп революциясына көшу дәуіріндегі бізге техникалық стандарттау саласындағы ортақ регламенттерді ұстану қажет. 

Ақерке Берікбекқызы

Хабарламаларға жазылу