Инчхон-2014. Қазақстан құрамасы пневматикалық винтовкадан оқ атудан 7-ші орын алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Инчхон-2014. Қазақстан құрамасы пневматикалық винтовкадан оқ атудан 7-ші орын алды

23.09.2014
Инчхон-2014. Қазақстан құрамасы пневматикалық винтовкадан оқ атудан 7-ші орын алды

Бүгін Инчхондағы Азия ойындарында ерлер арасында 10 метр қашықтықтан пневматикалық винтовкадан оқ атудан командалық жарысы өтті.  

Азия ойындарының «алтынын» қытайлық Йифей Као, Хаоран Яна мен Тьянью Лью иеленді. Оңтүстік Корея елінің өкілдері Сангдо Ким, Хьёнъюн Ким және Джинсеоп Хан – күміс жүлдегер. Ал қола медаль үндістандық Абхинав Биндра, Рави Кумар, Санджив Ражпуттың еншісінде.

Қазақстанның құрамасы (Юрий Юрков, Игорь Пирекеев, Ратмир Миндияров) жарысты 7-ші орында аяқтады.

Оқ ату. Пневматикалық винтовка. 10 метр. Ерлер. Командалық жарыс. Азия ойындары. Инчхон (Оңтүстік Корея)

1. Қытай — 1886,4

2. Оңтүстік Корея — 1867,6

3. Үндістан — 1863,0

 

7. Қазақстан — 1845,2.

 

Фото: sk-cska.kz

Хабарламаларға жазылу