Ақмола облысында кәсіпкерлікті қолдауға 8 млрд теңге бөлінді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысында кәсіпкерлікті қолдауға 8 млрд теңге бөлінді

16.10.2019

Ақмола облысында жыл басынан бері мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде кәсіпкерлікті дамытуға 8 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді. Олардың қатарында «Бизнестің жол картасы-2020», «Еңбек» және «Даму-Өндіріс» бағдарламалары бар. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры арқылы барлығы 150-ге жуық жоба мақұлданған. 

Мемлекеттік қолдау екінші деңгейлі банктерден алынған несиенің проценттік үстемесіне субсидия бөлу тетігі бойынша жүзеге асуда. Жобалардың бағыты сан алуан. Бірі өндірісін ұлғайтса, енді бірі жаңа саланы игеруді қолға алды. Нәтижесінде жұмыс орындары ашылып, салықтық түсім ұлғаюда. Мемлекеттік қолдауға ие болған кәсіпорындар - шағын және орта бизнес нысандары. Экономиканың бұл секторына көмек беруді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің жолдауында тапсырған еді. Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыссыздық деңгейін төмендетіп, халықтың әлеуметтік әл-ауқатын жақсартуға мол мүмкіндік бар. Бизнес өкілдері де мемлекеттік қолдаудың тиімділігін сезініп үлгерген.    

Ермек Елберген

Хабарламаларға жазылу