Медицина мамандарына деген талап күшейеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Медицина мамандарына деген талап күшейеді

13.10.2019

Соңғы уақытта медицина саласының да сан қатпарлы проблемалары айқын көріне бастады. Бейнелеп айтқанда қордаланған мәселелердің «қарны жарылды». Бір себебі жоқ.

Бір қыры – маман дайындаудағы кемшіліктер. Деңгейдің төмендігі немесе жоқтығы. Ащы күлкі туғызатын болжам айтып, диагноз қоятындар туралы әңгіме қаңқу сөз емес, басымыздан да өтті. Екінші жағынан, дәрігерлік істегі қағазбастылық пен бюрократия және жалақының аздығы. Бұл саланы да айналып өтпеген жемқорлық. Және безбүйректік.

Дегенмен мықты дәрігер аз емес. Саланың құламай тұрғаны да солардың арқасында шығар.

Бір-екі аптаның ішінде дәрігерлерге қатысты фактілердің қаптап кетуінің бір себебі полициямен текетірес дегендер бар. Алматы полициясы бастығының ұлы көз жұмғаннан кейін. Бұл енді ой-шұқыры көп мүлдем басқа әңгіме.

Мәселе мемлекеттік билік өкілдерінің де, аса маңызды іс - адам емдейтіндердің де бүкіл қоғам ашуланып, дүр сілкінетіндей әрекет етпегендерінде. Екеуі де азаматтардың билікке сенімінің шкаласын айқындайтын салалар.

 Индира БЕГАЙДАР


Хабарламаларға жазылу