Атырау облыстық перинаталды орталығының 23 қызметкері қол қойған Президентке ашық хат жарияланды. Жантүршігерлік бала өлімінен кейін қысым күшейгеніне алаңдайды.
«...Әріптестерімізді ақтап отырғанымыз жоқ, олардың кінәсін тиісті органдар анықтайды. Бізді қапаландыратыны, іс аяқталған жоқ, ал адамдар бәрімізді қылмыскер санайды. Мұндай жағдайда жұмыс істеу мүмкін емес», - деген олар. Алдында перзентхананың 31 қызметкері жұмыстан шығуға арыз бергені хабарланған. Дегенмен әзірге жұмыс істеп жатыр. Бірақ арыздарын алмаған.
Перзентхананы басқарған Қуаныш Нысанбаев пен акушер-гинеколог Асқар Қайыржанның ұсталғанын, не үшін ұсталғанын несіне қайталаймыз. Айтып отырмыз ғой, жантүршігерлік оқиға...
Сонымен әсіресе атыраулық келіншектер алаңдап қалды. Дәрігерлер... антына адал дәрігерлер де уайым жеп жүр.
Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ