Ұлттық ғылым академиясына жас ғалымдарды тарту қажет – Мемлекет басшысы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық ғылым академиясына жас ғалымдарды тарту қажет – Мемлекет басшысы

24.01.2024

Бұған дейін Мемлекет басшысы Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаевты қабылдады. Отандық ғалымдардың басын қосып, ғылым мен экономикаға нақты пайда әкелетін жаңалық енгізуге баса мән берілу керектігін атап өтті. «Ал оқу орнына зерттеу университеті мәртебесінің берілгені аграрлық саладағы ғылыми әзірлемелерді нақты өндіріске енгізіп, одан табыс табуға мүмкіндік береді»,-дейді Мемлекет басшысы.

Сонымен бірге Ұлттық ғылым академиясының жаңа мүшелерін сайлау процесін жеделдетіп, талантты жас мамандарды ғылыми жұмыстарға тарту қажет екенін айтты. Президент кездесу соңында Ғылым академиясының негізін қалаған Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған іс-шараларды жоғары деңгейде ұйымдастыру маңызды екенін атап өтті.


Хабарламаларға жазылу