Қазақстанда бизнес жүргізуге қолайлы жағдай жасалған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда бизнес жүргізуге қолайлы жағдай жасалған

05.02.2020

Өткен жылдың 9 айында шетелдік инвестиция 8,7 миллиард долларға, яғни 15,8 пайызға артқан. Бұл туралы Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттердің дипломатиялық миссиялары басшыларымен кездескен Үкімет басшысы Асқар Мамин айтты.

Жиында Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы кеңейтілген серіктестік аясындағы жобаларды жүзеге асыру үшін қазақстандық тарап әзірлеген жол картасы талқыланды. Бұл құжат инвестициялар, инновациялар және инфрақұрылымдық даму сынды қызметтің 29 саласын қамтиды. Үкімет басшысы мұндай келісімнің күшіне енуі сауда-экономикалық байланыстағы сапалы кезеңнің басталғанын білдіретінін айтады. Ал дипломатиялық миссиялардың басшылары Қазақстанда бизнес жүргізу үшін қолайлы жағдай жасалып жатқанын атап өтті. Олардың сөзінше, біздің ел инвестициялық ахуал мен іскерлік ортаны жақсарту бойынша Doing Business рейтингінде зор әлеуетке ие. Жалпы Қазақстан Үкіметі қазір Еуроодаққа мүше елдердің дипломатиялық өкілдерімен тығыз қарым-қатынас орнатып, әріптестікті арттырған.

Амангелді СЕЙТХАН


Хабарламаларға жазылу