Алматы облысында алапат өрт болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында алапат өрт болды

15.04.2021

Алматы облысы Балқаш ауданының Жиделі ауылдық округінен 25 шақырым жерде құрғақ шөп пен қамыс өртенді. Өрт шаруа қожалықтарының және жеке демалыс базаларының аумақтарын шарпыды. Кей ақпарат көздерінің хабарлауынша, бір адамды күйік шалған. Бірнеше коттедж бен балықшылардың қайық, басқа да құрал -саймандары жанып кеткен.

Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің таратқан мәлімет бойынша, жолдың шалғай әрі нашар болуы өрт сөндірушілердің оқиға орнына тез жетуін қиындатқан. Өрт бірнеше жерден шыққан. Жалынды ауыздықтау жұмыстары әлі де жүргізілуде. Өрт көлемі анықталып жатыр.     

Қуаныш Қанатұлы


өрт

Хабарламаларға жазылу