Судандағы босқындар лагерінде жағдай ушықты
Судандағы босқындар лагерінде қызылша өршіді. Соңғы мәліметтерге қарағанда, аурудан 1200-ден астам бүлдіршін көз жұмған. Ашаршылық та жағдайды қиындата түсті. Көмек көрсетілмесе, тағы да мыңдаған баланың, оның ішінде жаңадан туған нәрестелердің өміріне қауіп төніп тұр. Бұдан өзге тырысқақ, денге безгегі де белең ала бастаған. Елдегі ауруханалардың 70-80 пайызы жұмыс істемей тұр. Дәрі-дәрмек тапшы. Медициналық қызметкерлер де жетіспейді. Дағдарысқа Судан армиясы мен оған қарсы топ арасындағы қарулы қақтығыс себеп. Жарты жылға созылған текетірестің әзірге аяқталар түрі жоқ.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ХХ Жазғы Азия ойындарының алғашқы күнінде Қазақстан қоржынына 4 алтын, 2 қола медаль түсті
20.09.2026, 20:15
Президент Үкіметке әлеуметтік қолдау мен жол сапасына қатысты тапсырма берді
20.09.2026, 20:11
Фастфуд жарнамасын шектеу семіздікті азайта ма?
20.09.2026, 20:06
«Орталық Азия+» форматының мәні неде?
20.09.2026, 20:06
19 млрд доллар: Қазақстан мен Корея қандай келісімдерге қол қойды?
20.09.2026, 20:01
Ілеспе газды майнингке жұмсау қаншалықты тиімді?
20.09.2026, 18:16
Ұлдана Мырзуан ісі: Сапасыз тұрғын үйлерге кім жауапты?
20.09.2026, 18:13
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
19.09.2026, 21:27