226 экипаж мүшесі бар Солтүстік Кореялық 3 кеме тұтқындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

226 экипаж мүшесі бар Солтүстік Кореялық 3 кеме тұтқындалды

27.09.2019

Ресей шекарашылары Солтүстік Кореяның 3 балық аулау кемесі мен 262 экипаж мүшесін тұтқындады. Оларға «браконьерлікпен айналысты» деген айып тағылып отыр.

Оқиға Жапон теңізінде болды. Кемелерден заңсыз ауланған 30 мың кальмар мен тыйым салынған құрал-саймандар тәркіленген. Тергеу үшін экипаж бен су көліктері Қиыр шығыстағы Находка портына жеткізілді.

Бұл – осы айдағы екінші оқиға. Айта кетсек, қыркүйектің 17-де Ресей солтүстіккореялық екі қайықты тұтқындаған еді. Операция барысында оның бірі қарсылық көрсетіп, шабуыл жасаған. Соның салдарынан 4 шекарашы жараланып, бір балықшы қаза тапты.

Сол оқиғадан бері Ресей Сыртқы істер министрлігі жағдай қайталанбауы үшін Пхеньяннан түбегейлі шара қолдануды талап етіп келеді.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу